Карантиндеу ережесінен үзінді

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-17  тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы
№ 7-1/700 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды карантиндеу қағидалары

  1. Жалпы ережелер

1. Осы карантиндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды карантиндеудің тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

  • бақылау аймағы – буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
  • буферлік аймақ – инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;
  • қолайлы аймақ – жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
  • қолайсыз аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
  • жануарларды карантиндеу – диагностиқалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау.

3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағиданың 4-тармағында қарастырылған жағдайды қоспағанда, диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға карантиндеу жүргізеді.

Әкелу, мүліктену, тасу, орнын ауыстыру, келтіру:

4. Егер жануарлар жаңадан келтірілген, әкелінген, мүліктенген, әкетілген, орны ауыстырылған жағдайда жануарларды карантиндеу:
1) республика аумағы бойынша эпизоотиялық қатынасқа немесе бірдей типтегі аумақтарды аймаққа бөлу жөнелту пунктері және белгілеу пунктері және олар бойынша мәліметтерді 
ветеринариялық  құжатта және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасында көрсету қолайлы кезде;