Республикалық палата мүшелігіне қабылдау тәртібі

  1. Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы  жергілікті  асыл  тұқымды  жылқының  иесі (шаруашылық  басшысы)  халыққа  қызмет  көрсету  орталығынан  (ХҚКО)  жеке  кілт  алып,  ақпараттық  талдау  жүйесіндегі (АТЖ) (ИАС) жылқыға  арналған  бағдарламаны  ашып,  асыл  тұқымды  жылқысының  кемінде  үш  атасының  мәліметтерін  жүйеге  енгізеді.  АТЖ-не  енгізілетін  асыл  тұқымды  жылқы  нөмірі  ауылшаруашылығы  малдарының  идентификациялық (ИСЖ) нөмірімен  сәйкес  болуы  тиіс. АТЖ-не  енгізілетін  мәліметтер  асыл  тұқымды  жылқының  асыл  тұқымдық  карточкісінен  алынады.  АТЖ-не  енгізілмей  сатылған  жылқыларды  Республикалық  палата   асыл  тұқымды  деп  танымайды.
  2. Бұрынғы асыл тұқымды  жылқы шаруашылықтары  мен  басқа  да  асыл  тұқымды  жылқысы  бар шаруашылықтардың  Республикалық  палата  мүшелігіне  кіру  жарнасын  және  жылқының  асыл  тұқымдылығын  тану,  палатаға  тіркеу  және  асыл  тұқымдық  мәртебе  беру  қызметтері  үшін  жыл  сайынғы  жарнасын   Республикалық   палатаның  Жарғысында  және  жалпы  жиналысының  хаттамасында  көрсетілген  мөлшерде  төлейді.
    Бұрын,  асыл  тұқымды  жылқы  шаруашылығы  мәртебесі  болмаған,  бірақ  асыл  тұқымды  жылқысы  бар  тұлғалар  жылқының  асыл  тұқымдылығын  тану,  палатаға  тіркеу  және  асыл  тұқымдық  мәртебе  беру  қызметтері  үшін  жылқының  әр  басына  белгіленген  мөлшерде төлейді.
    Асыл  тұқымды  деп  танылған  жылқыға  берілетін  1 (бір) асыл тұқымдық  куәлік  құны  жалпыға  бірдей  белгіленген  мөлшерде  төленеді.
  3. Cелекциялық-жылқы тұқымын асылдандыру жұмысы ғылыммен қамтылуы тиіс және сұрыптаудан өтпеген жылқылар асыл тұқымды деп танылмайды
  4. Асыл тұқымды жергілікті   жылқыны тану, мәртебе беру және асыл тұқымды жылқыға куәлік беру үшін сұраныс үлгісі Республикалық палатының ақпараттық базасында көрсетілген
  5. Палата қызметтері:
    • Ет және  сүт  өнімі  бағытындағы  жергілікті  жылқы  тұқымдарын  иеленуші  жеке  және  заңды  тұлғалардың  мүдделерін  қорғау.
    • Жергілікті жылқы  тұқымдарының асыл  тұқымдық  есебін  ұйымдастыру.
    • Жергілікті жылқы  тұқымдарының асыл  тұқымдылығын  бағалап,  анықтау.
    • Жергілікті жылқы  тұқымдары  иелерінің  сұранысы  бойынша  жылқылардың  асыл  тұқымдылығын  тану  және  асыл  тұқымдық  куәлік  беру.
    • Асыл тұқымды  жылқы  өніміне  субсидия  беру  тәртібін  ұсыну.
    • Асыл тұқымды  жергілікті  жылқы  тұқымдарының  кітабын  жүргізіп,  баспадан  шығару.
    • Қазақстан Республикасы  жеріне  ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы  асыл  тұқымды  жергілікті  жылқы  тұқымдарын  тарату.