РП ғылыми ұсыныстары

«Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының Республикалық палатасы» 2017  жылдың  сәуір  айының  10-нда  жергілікті  жылқы  тұқымдарының  асыл тұқымдық  және  өнімділік  сапасын  арттыру  туралы  ғылыми 

ҰСЫНЫСТАРДЫ 

(рекомендациялар) шығарды 

 Ғылыми  ұсыныстар  әртүрлі  санаттағы  ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы  жергілікті  жылқы  тұқымдарын  өсіруші  шаруашылықтардың  басшылары  мен  мамандарына  және  кең  көлемдегі  жылқы  өсіруші  тұлғаларға  арналған.

Бұл  ғылыми  ұсыныстарда  қазақтың  жабы  жылқысымен,  көшім  жылқысының  Ақтөбелік  тобымен (популяциясы),  мұғалжар  жылқысының  ішкі жем (ембі) тұқымдық  түрімен  ғылыми  негізде  жүргізілген  жұмыстардың  және  оларға  берілген  зоотехникалық  сипаттамалардың,  сонымен  қатар  жергілікті  жылқы  еті  мен  сүтінің  тағамдық  бағалылығы  және  жергілікті  жылқы  тұқымдарын  тебінде  бағып  өсірудің  экономикалық  тиімділігі  туралы  баяндалған.

Шаруашылықтардағы  асыл  тұқымды  және  тауарлы  жылқылардың  өнімділігін  селекциялық – технологиялық  амалдармен  арттырудың,   тебіндегі  жылқы  жайылымдарын   ұйымдастырудың,  жылқы  төлін  өсірудің,  жылқыны  өз  төлінен  өсірудің,  тұқымдық  айғырларды   бағып-күту,  азықтандырудың  ерекшеліктері  мен  жергілікті  жылқы  тұқымы  өнімдерін  өндіру  технологиялары  туралы  жазылды.

Қарап жіберу

Республикалық палата Кеңесінің төрағасы:                              С.Рзабаев