Пресс-релиз

«Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының Республикалық палатасы»

Пресс-релиз

Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының республикалық палатасы 2021 жылғы 16 маусымда Ақтөбе қаласында өз мүшелерінің кезекті жалпы жиналысын өткізді. Жалпы жиналысқа 63 мүшеден Палатаның 45 мүшесі қатысты. Кворум болды.

Іс-шараға палата мүшелері, жылқы өсіруші ғалымдар және шақырылған тұлғалар қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Палата директорының жұмыс кезеңіндегі есебі.
  2. Жаңа 4  шаруашылықты палата мүшелігіне қабылдау.
  3. Палата кеңесі мүшелерін қайта сайлау.

Палата Кеңесіне мүше шаруашылықтардың 9 – басшысы, оның ішінде 3 адам – ауыл шаруашылық пен экономика ғылымдарының кандидаттары және палата кеңесінің  мүшелігіне – 4  ғалым – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаттары және 1 магистр сайланды.

  1. Палата Кеңесінің Төрағасын Қайта Сайлау.

Палата кеңесінің төрағасы болып Н. Бисекенов,а.-ш. ғ. к. сайланды.

  1. Палата директоры болып Рзабаев Қ. қайта сайланды.
  2. Палатаның бақылау-тексеру комиссиясының құрамын қайта сайлау.

– Палата мүшелерінің ішінен тексеру комиссиясы – 3 адам сайланды, төрағасы-Л. Нургалиева.

  1. Палата атауының өзгеруі.
  2. Шығу тегінің дұрыстығын растау үшін асыл тұқымды жылқылардың ДНҚ генотиптеу қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер егжей-тегжейлі қаралып, олар бойынша қабылданған шешімдерді Палата мүшелері бірауыздан қолдады.

Палата кеңесі мүшелері мен палата кеңесі төрағасын қайта сайлау мәселелері бойынша қызу талқылау болды. Бұл палата мүшелерінің белсенді қатысып отырғандығының және Палатаның одан арғы жұмысына немқұрайлы қарамайтындығының айғағы болып табылады.