Жергілікті жылқыға асыл тұқымдық мәртебе беру

Палата  директорыРзабаев Калыбек Серикбаевич

      Асыл  тұқымды  жылқысы  бар  Республикалық  палата  мүшелері  өз  шаруашылықтарында  зоотехник-селекционер,  асыл  тұқымды  жылқы  есепшісі  жылқы  денесінің  өлшемдерін  алу  үшін  арнайы  үлгідегі  қыспақ, жылқының  тірі  салмағын  анықтау  үшін  таразы  орнатуы  тиіс.

Жылқыны  сұрыптаушы-классификатор  ҚР  АШМ-нің  интернет-ресурсындағы  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы  нысандарының  реестрінде  тіркелген  болуы  керек.

–   Асыл  тұқымды  жылқылардың  денсаулығы  жұқпалы  аурулардан  таза  болуы.

–   Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы  жергілікті  жылқы  тұқымдарына  Бір  кедендік  кеңістік  құрамындағы  елдер  мен  Еуроазиялық  Экономикалық  Одаққа  кіретін  елдердің  жергілікті  жылқы  тұқымдары  жатады.

–  Таңба  нөмірі:     жеке  нөмір – KZ.

–  Таңбаны  асыл  тұқымды  жылқы  денесінің  сол  жағына  салады.  Жеке  нөмір  жауырын  тұсына,  туған  жылы (соңғы  екі  сан)  және  шаруашылық  белгісі  артқы  сан  тұсына  салынады.  Көп  таңбалы  нөмір  асыл  тұқымды  жылқының  сыртқы  түрін  бұзады  және  күз,  қыс  айларында  көрінбейді,  оқылмайды.  Сондықтан,  жылқы  денесіне  сыймаған  цифрларды  (облыс,  аудан  селолық  округ  кодтары)  асыл  тұқымды  жылқының  ветеринариялық  паспортынан  көруге  болады.

–   Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы  жылқы  тұқымдары  бойынша  жылқының  дене  өлшемдерін  алу  мен  тірі  салмағын  анықтау  кезінде  сұрыптау  шкаласын  бөліп  көрсету  қажет  емес.  Соның  ішінде  көшім  тұқымы  бойынша  (денелі,  негізгі,  мініс  түрлерін)  сұрыптаушы-классификатор  сұрыптау  барысында  өзі  анықтайды.

–    Республикалық  палата  мүшелері  егер,  40  бастан  асқан  биелері  болса,  онда  міндетті  түрде 10  жыл  мерзімге  жасалған  селекциялық-жылқы  тұқымын  асылдандырудың  перспективалық  жоспары  болуы  тиіс.