Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының Республикалық палатасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Жүктеу Стратегиялық даму жоспары

Бекітемін:
Республикалық палата
Кеңесінің төрағасы, а.ш.ғ. кандидаты,
екі асыл тұқымды (мұғалжар, көшім)
жылқысының авторы,
Қазақ КСР мемлекеттік
сыйлығының   лауреаты  Рзабаев С.С.
_____________ «   7 »__шілде__ 2016ж.

«Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының Республикалық палатасы» 2020 жылға дейінгі

СТРАТЕГИЯЛЫҚ  ДАМУ  ЖОСПАРЫ 

1.Кіріспе

Стратегияда заманауи даму шарттарына сәйкес мал шаруашылығы өнімін өндіру және іске асыру үшін кешенді агроөндіріс «Агробизнес 2020» ауыл шаруашылығындағы ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының дамуына үлкен мән береді. Бұл мәселенің елеулі дәрежедегі ең тиімді шешімі популяциялық генетиканың жетістіктерін кеңінен тәжірибеге енгізу арқылы іріктеу және таңдау әдістерін жақсарту, өндірісте  жылқының  генетикалық әлеуетін,  өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттерін табу және іске асыру,  жылқының қолданыстағы және жаңа тұқымдарын, түрлерін одан әрі  жақсарту және шығару, селекциялық жұмыстың тиімділігіне  байланысты   арттыру.

2 Ағымдағы жағдайдың талдауы

2.1 Сыртқы ортаның талдауы

Республикалық палата «ҚазМжЖШҒЗИ» ЖШС, Бүкілресейлік ЖШ ҒЗИ, «Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауыты, «Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» бөлімдерімен, «Малшаруашылығы мен ветеринариялық ғылыми-инновациялық орталығымен» және  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Комерциялық емес акционерлік қоғамымен  тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Бөлімдердің өндіріспен кең байланысы бар. Ақтөбе облысынан «TS – AGRO» ЖШС, «Көктас» АҚ, «Мұғалжар жылқысы» ЖШС, «Құмжарған» ЖШС, «Жан- Қанат -С» ШҚ, «Жансая» ШҚ, «Тоқмансай» ЖШС, «Ақбар» ШҚ, «Тайбурыл» ШҚ, «Жантізер» ШҚ, «Қонысбай» ШҚ; Қостанай  облысынан «Каменскуральск» ЖШС; Батыс Қазақстан облысынан «Көшім» ЖШС, «Серғазиев» ШҚ, «Адай-Бекет» ШҚ, «Қамқор» ШҚ, «Дөңгелек» ШҚ, «Аманер» ШҚ, «Ернұр-Ж» ШҚ, «Жандос» ШҚ;  Павлодар облысынан «Агрофирма Ақжар-Өндіріс» ЖШС; Алматы облысынан «Жақсылық» ШҚ, «Мыңбай» ШҚ,  «Шаңырақ» ШҚ; Қызылорда облысынан «Шекер» ШҚ,  «Атамекен-2» ШҚ,  «Жеңіс» ШҚ,  «Таңқаман» ЖШС;   Жамбыл облысынан «Шилі-қарын» ШҚ,  «Бапыш-Сейсенбай» ШҚ; Ақмола облысынан «Агрофирма Ақтық» АҚ;  Атырау облысынан «Рсай» ШҚ, «Достан-Ата» ШҚ; Солтүстік Қазақстан облысынан «Көксеңгір» ФҚ, «Арқалық» ШҚ, «ЩегловаО.Н.»ШҚ; Қарағанды облысынан «Арслан» ШҚ, «Жорға-1» ЖШС; Шығыс Қазақстан облысынан  «Елдар» ШҚ; Оңтүстік Қазақстан облысынан  «Азамат2030» ЖШС,  «Бек» ЖШС; Маңғыстау облысынан «Қарағантүбек» ЖШС,«Көшімбет» ШҚ асыл тұқымды және тауарлы жылқы қатарында шаруа қожалықтары Қазақстанның барлық өңірінде ғылыми – зерттеу жұмысы және өндіріске ғылыми жетістіктерді енгізу жұмысын жүргізіп жатыр. Республикалық палата қызметіне қарай түрлі аспектілерге байланысты теледидар, радио және БАҚ –ына көңіл бөледі.

2.2 Ішкі орта талдауы

Қазіргі уақытта Палата Кеңесі 26 адамнан тұрады, оның ішінде 7 ғылым докторы, оның ішінде 4  ҚР ҰҒА академигі және 14 а.ш.ғ.кандидаты,  5  палата  мүшелері,  сонымен қатар Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты бар.    Палатаға  жазбаша  өтінішімен 83 жылқы  иелері мүше  болды және  165 мүше  емес  жылқы  иелерінің сұранысы қаралып,  асыл тұқымды жылқыға мәртебе берілді.  Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарын көбейту мақсатында асыл тұқымды және тауарлы жылқысы бар шаруа қожалықтарының қызметтеріне Палата кеңесі мүшелері ғылыми-тәжірибелік көмек көрсетеді.   Палата Кеңесі мүшелері селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстары мен құжаттарына қатысты жоспар құру кезінде методикалық және тәжірибелік көмек көрсете  отырып, жылқылардың өнімділігі мен шаруа қожалықтарының пайдасын арттыру мақсатында асыл тұқымдық есебін ретке келтіру және зоотехникалық іс – шаралар бойынша семинарлар өткізеді. Асыл тұқымды жылқылардың иелерін  өтінішімен палатаға мүше болуға  қабылдап, асыл тұқымды жылқыларын тіркеу және мал шаруашылығына бөлінетін субсидияны бөлу үшін  ұсыныс  беру, сонымен қатар асыл тұқымдық есебінің дұрыстығы және асыл тұқымды жас төлдің сапасын арттыру Республикалық палатаның негізі мақсаты, яғни асыл тұқымды жылқылардың бірыңғай ақпараттық – аналитикалық базасын құру болып табылады.   Қазақстан Республикасының ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті  жылқы  тұқымдарының  сапасын арттыруға бағытталған  іс жүзіндегі (практикалық) ұсыныстар мен теориялық сұрақтарды шешу, оларды ғылыммен қамту үшін ғалымдарды тарту, ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті  жылқыларды өсіріп, тұқымын, түрін, жүйесін одан әрі жақсарту және тиімді әдістерді жобалау болып  табылады.

3. Миссиясы және пайымдауы

Ет және сүт өнімі  бағытындағы жергілікті жылкы  тұқымдарын дамытудың басты мақсаты зоотехникалық есеп жүргізуді, ДНК негізінде ата тегін анықтау, жаңа тұқымның моделін жасау, генотип және фенотип ара катынастарын зерттеу, жылқының генетикалық құрылымына қоршаған ортаның әсер етуін, ғылымның жетістіктерін ынталы қолдануды қарастыратын әр тараптандыру және интенсивтіктің жолына түсу. Бүгінгі күнгі ғылыми прогресс асыл тұқымды жылқы өсіруімен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдарының  жұмыстарына  терең  енуде. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің әр технологиясы жылқыларды бағып – күту, олардың өсуіне жағдай жасау, мал азығын  өндіруді және  тиімді  азықтандыруды  ұйымдастыру, тебіндегі жылқыны  көбейтіп,  тұқымын асылдандыру  жұмысын жүргізу. Зоотехникалық-ветеринарлық  іс-шараларды ұйымдастыру элементтерін қарастыру. Осы  іс-шараның  барлығы ғылыми  бағыттау арқылы  соңғы жетістіктерді  қолдану  кезінде  жүргізіледі.

Осы  себепті   жылқы  шаруашылығының  өнімділігін  арттыру  мақсатында  сүт  және  ет  өнімділігін, бейімделушілігін, өмір сүргіштігін, өз тұқымдық қасиеттерінен артық түсетін аналогтардың көпшілігінен ет және сүт өнімі  бағытындағы жергілікті жылқы  тұқымдарының жоғарғы өнімді генотиптерін құру. Олар, шығын мен еңбек аз жұмсалса да, арзан, сапалы ет пен қымыз береді. Отандық жергілікті жылқы тұқымдарының  тұқым қуалаушылығын  шоғырландыру үшін,  олардың өнімдік және асыл тұқымдық қасиеттерін арттыру үшін, селекциялық белгілерінің негізімен  желілік өсіру және тексерілген әдістерін біртекті таңдауды қолдана отырып, терендетілген селекция жүргізілетін болады.

Алдағы жылдары Палатаның басым бағыттары өнімді жылқы шаруашылығының жергілікті жылқы тұқымдарының генетикалық әлеуетін, отандық популяциясын селекциялық және технологиялық  әдістермен арттыру және оларды Қазақстанның жергілікті  жылқы өсетін  өңірлеріне кеңінен енгізу болып табылады. Осының бәрі өсіріліп отырған жергілікті жылқы тұқымдырының өнімділігін 20-25 пайызға арттыра отырып, жоғары сапалы ет пен қымыздың жалпы өндірісін айтарлықтай ұлғайтып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саласына оң өзгерістер  әкеледі.

4.Қызметтің стратегиялық бағыттары:

  1. Республикалық палата Жарғысында көзделген Республика палата мүшелерінің мүдделерін ұсыну және қорғау.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында  ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы асыл тұқымды жылқыны  көбейту және тарату.
  3. Мал шаруашылығы саласында  жоғары сапалы ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті  жылқы  тұқымын асылдандыру  және  өнімдерінің  сапасын  арттырып,  жылқы шаруашылығын  дамыту.
  4. Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті  жылқы  тұқымын өсіру барысында  асыл тұқымды жылқысы  бар  жеке  және  заңды  тұлғалармен  өзара іс-қимылды үйлестіру.
  5. Асыл тұқымды  жылқыны  тіркеу, селекциялық және тұқымын асылдандыру  жұмыстарын  үйлестіру.
  6. Республикалық палата мүшелері  өсірген   ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті  жылқы  тұқымын  саудаға және экспортқа шығаруға ықпал ету.

Республикалық палата Жарғыға сәйкес  мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Палата мүшелерінің ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті  жылқы  тұқымының  асыл  тұқымды  жылқыларын  есепке алуды ұйымдастыру және олардың мәліметтер базасын жүргізу, ақпараттық  талдау  жүйесіне (АТЖ) енгізілген асыл  тұқымды  жылқылардың  асыл  тұқымдылығын  танып,  палатаға  тіркеу және  селекциялық – жылқы  тұқымын  асылдандыру  жұмыстары  негізінде  асыл  тұқымдық  мәртебе  беру.
  2. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды тұқымдар бойынша үйлестіру;
  3. Тұқымдар бойынша асыл тұқымды кітап шығару;
  4. Асыл тұқымды малға мәртебе беру;
  5. Асыл тұқымдық куәліктер беру;
  6. Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті жылқы  тұқымының өнімділік сапасын арттыру үшін жаңа бағдарламалар, қызметтер, технологиялар мен бағыттар туралы ақпараттандыру.
  7. Бюджет қаражаты шегінде көрсетілген мақсаттарға көзделген асыл тұқымды жылқы  өнімінің (материал) жыл сайынғы квотасын анықтауға қатысу.
  8. Асыл тұқымды және таза қанды  ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті жылқы  тұқымын сатуға арналған жәрмеңкелер, көрмелер, аукциондар (биржалары) ұйымдастыруға қатысу.
  9. Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті жылқы  тұқымын көбейту үшін қажетті инфрақұрылымды құру ға  және әзірлеуге жәрдемдесу;
  10. Палатаның  жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін гранттарды, инвестициялар тарту;
  11. Ет  және  сүт  өнімі  бағытындағы жергілікті жылқы  тұқымының асыл тұқымды жылқыларына  арналған нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға, жобаларды дамыту саласындағы палата мүшелерінің қызметімен  оларды  байланыстырып, бизнесін  дамыту және  қолдау көрсету.
  12. Ақпараттық-кеңес, ғылыми-әдістемелік және баспа жұмыстарын ұйымдастыру;
  13. Мемлекеттік органдармен  және  ұйымдармен асыл тұқымды жылқы өсіруші  жеке  және  заңды  тұлғалардың нәтижелі бағыттарына тікелей оң әсер ететін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізу.
  14. Шетелдік ұйымдармен жұмыс орнату, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу, генетиканы жақсарту, ақпарат технологияларды тарату, сондай-ақ асыл тұқымды жылқы өсіруді дамыту, өнімді жіберу және олармен бизнес нығайтуға жәрдемдесетін байланыстарды нығайту.
  15. Асыл тұқымды малды есепке алуды жетілдіру (ветеринариялық талаптарына және халықаралық ережелеріне сәйкес деректер базасы).
  16. Бағалауды өткізуге жәрдемдесу.(төлдің жасы, сұрыптау  арқылы)
  17. Субсидиялау (ҚР Парламенті , ҚР АШМ)
  18. Кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау(мал тұқымын асылдандыру мамандары,  бонитер-классификаторлар).

Қорытынды

Қазіргі экономикалық  жағдайда мал  шаруашылығын дамыту, оның  ішінде жылқы шаруашылығының өнімін өндіруді көбейту күрделі мәселе. Шаруа қожалықтарында  жергілікті  жылқы  тұқымын  асылдандыру  жұмысы  қажеттілік болып табылады. Шаруа қожалықтарының  арасында  барлық  кадрлармен  жасақталған  (зоотехник, ветеринар  мамандар),   асыл тұқымды жылқылары бар және жылқы  тұқымын  асылдандыру жұмысы дұрыс жүргізіліп   отырған шаруа қожалықтары  жылқының өнімділігі жағынан ең  жоғарғы көрсеткішке ие болады.
Қазіргі   уақытта,  жылқының ет және сүт өнімі бағыты бойынша  ғылыми-зерттеу деңгейі мен көлемі  әлі де  бүгінгі талаптарға  сай келмейді. Ғылыми мекемелердің тиімділігіне, ауыл шаруашылығы ғылымдарының   дамуын   дұрыс  жоспарлау және оның өндірістегі ғылыми  жетістіктерін теориялық  зерттеулер  мен  қолданылуы   арасындағы алшақтықты жоюға назар  аудару қажет.
Қазақстандағы   жылқы шаруашылығының  одан  әрі дамуы тікелей жылқы  саласы  ғалымдары   мен   мамандардың   өндірістегі  жұмыскерлермен   шығармашылық ынтымақтастығына   байланысты  екенін атап өткен жөн.

Республикалық палата Кеңесі төрағасының орынбасары, а.ш.ғ.докторы: Н. Кикебаев